Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Кенесары ханның өлімі үшін кешірім сұраған»: қырғыз әншісі қамауға алынды

«Кенесары ханның өлімі үшін кешірім сұраған»: қырғыз әншісі қамауға алынды
Сурет: instagram.com/kairat_primberdiev_official
Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті бұл үшін заңда он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын жеткізді

Қырғызстанда Кенесары ханның басы алынғаны үшін өз атынан қазақтардан кешірім сұраған әнші Қайрат Примбердиевті Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті қамауға алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі 24.kg агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, Қайрат Примбердиевке араздықты қоздырды деген айып тағылды.

“Ayran – YouTube арнасында сөз сөйлеп, ұлтаралық араздықты қоздыруға бағытталған мәлімдемелер жасады. Қайрат Примбердиевке қатысты ешқайда шықпау туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды”, – делінген хабарламада.

Қазіргі тиісті тергеу және процессуалдық іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті нәсілдік, этникалық, ұлттық, діни немесе аймақаралық араздықты (алауыздықты) қоздыруға бағытталған әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертіп, бұл үшін заңда он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын жеткізді.

Еске салсақ, 2025 жылдың қаңтар айында қазақстандық "Айран Медиа" жобасы қырғыз-қазақ қарым-қатынасына арнайы шығарылым арнады. Бағдарламада әнші Қайрат Примбердиев сұхбат беріп, қырғыздың Ормон ханы қазақтың ханы Кенесарының басын алғаны үшін қазақтардан өз атынан кешірім сұрады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар