Қоғам
«Ажалыма хатта жазылғандар кінәлі»: Арыстанбек Мұхамедиұлының атынан жазылды деген хат жарияланды
- автор Томирис Тоныкөк
- 11 ақпан, 2025
- 3.6k
Аты-жөні аталған адамдар кінәлі деп санауды сұраймын
Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлының парақшасында оның атынан жазылды деген хат та жарияланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап.
Оның авторы экс-министр ісіне қатысы бар судьялар мен тағы бірнеше адамның аты-жөнін атап, оларды айыптаған.
"Бұл сот істерін тәуелсіз сарапшылар қарайтын болса, барлық айыптаудың ойдан шығарылғаны, заңсыз және жалған қорытындыларға негізделгені анық болатынына сенімдімін", - деген.
Ол "Атбасар қаласындағы түрмеден баршаға үндеу жасай отырып, ажалыма жоғарыда аты-жөні аталған адамдар кінәлі деп санауды сұраймын. Бұл жүгенсіз заңсыздықты "өлім" ғана тоқтата алады деген қорытындыға келіп отырмын" деп жазған.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Денсаулық сақтау министрі ұшақтағы видеоға қатысты пікір білдірді
- авторТомирис Тоныкөк
- 3 желтоқсан, 2025
Қоғам
Алматы әуежайында өз-өзін өртеп жіберген ер адамға қатысты тергеу тоқтатылды
- авторТомирис Тоныкөк
- 3 желтоқсан, 2025




