Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Жолдасым емес деп ойлаймын»: Таразда өгей әкесінен бала босанған қыздың анасы күйеуінен күдіктенбейтінін айтқан

«Жолдасым емес деп ойлаймын»: Таразда өгей әкесінен бала босанған қыздың анасы күйеуінен күдіктенбейтінін айтқан
Сурет: фотоколлаж kyn.kz
Бағдарлама барысында қыздың өгей әкесін құзырлы орган ұстап әкеткен

Таразда 16 жастағы қыз босанды. Жасөспірімді зорлап, жүкті қылды деген күдікпен өгей әкесі ұсталды. Алайда, қыздың анасы күйеуінің зорлағанына сенбейтінін жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл журналист Руслан Өтепбайдың YouTube арнасыа сұхбат берген. Анасының айтуынша, қызын бір жылын бұрын белгісіз біреу зорлап кеткен.

«Үш қызым бар. Үлкен қызым – алғашқы некемнен, қалған екеуі – екінші некеден. Бірінші күйеуім қайтыс болған соң, қайта тұрмысқа шықтым. Үлкен қызымды мешіттің артында белгісіз біреу зорлаған. Ол кезде 15 жаста болатын. Ол адам маска киген. Қызымды қорқытып, ешкімге айтпа деген. Сол себепті қызым бұл туралы маған да, басқа біреуге де айтпаған. Пышақпен қорқытқан. Орысша сөйлеген, бір жерінде қалы бар деді. Мама папаңды танимыз, айтсаң отбасыңды өлтіремін деген», – дейді анасы.

Бұдан кейін қыз қаша алмаған. Қолындағы телефонын лақтырып, қолын байлап тастаған. Осы жағдайдан кейін жасөспірім қыз жүкті болып қалған. Анасы қызының зорланғанын да, жүкті екенін де толғақ басталғанда ғана білген.

«Ештеңе байқаған жоқпын. 29 қарашада босанды. Толғақ басталған кезде ғана жүктілігін білдік. Ол бойы ұзын қыз, ішінің шыққаны көрінбеді. Жедел жәрдем шақырдық, дәрігерлер қыздың жүкті екенін айтты. Сол кезде ғана сендім. Бала 9 айға жетпейді деді. Қыз босанды, кішкентай немерем аман. 16 жасқа толуына 10 күн қалғанда босанды. Құзырлы орган екінші жолдасымнан күдіктеніп тұр. Екеуінен де сұрадым. Мен де жолдасым емес деп ойлаймын. Қызымнан және өгей әкесінен қан алды. Ол кісілер қан алған кезде арғы бөлмеге алып кетті. Жолдасым көрген. Бірақ қызымнан, өгей әкесінен және нәрестеден алынған сараптама 99,9% оның әке екенін растады. Бірақ мен бұл нәтижеге күмәнмен қараймын. Біреу қолдан жасаған сияқты», – дейді анасы.

Әйелдің айтуынша, туыстары да өгей әкесінің қызды зорлағанына сенбейді екен. Өгей әкесі мүгедектігі үшін үйде отырады.

«Мен 55 жастамын. Қазіргі әйеліммен 14 жылдан бері отасып келеміз. Біз үйленген кезде өгей қызым 3 жаста болатын. Өзім бағып-қағып өсірдім. Қазір мені басты күдікті ретінде қарастырып отыр. Бастапқыда қызымның әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы бір жігітті күдікті ретінде анықтап, тергеуге алған еді. Бірақ қызым оны танымайтынын айтты. Осыдан кейін қызымнан, менен және әлгі жігіттен ДНҚ сынамасы алынды. Сараптама нәтижесі бойынша 99,9% әкелігім расталды, осылайша мен күдікті ретінде танылдым. Мен кішкентай күнінен өзім бақтым. Бұның қалай болғанын білмеймін. Қызым да «менің арқамда сіздерді де құртатын болды» деп айтады. Қызымның алдында, әйелімнің алдында да ақ болып тұрмын», – дейді өгей әке.

Бағдарламадан соң ер адамның әйелі хабарласып, оған қатысты тың мәлімет берген. Өгей әкесі полиция бөлімшесіне барғанда қызымен жыныстық қарым-қатынасқа түскенін растаған.

Оқиғаға байланысты Жамбыл облыстық полиция департаменті ресми мәлімдеме жасады:  

«Тараз қаласының полиция бөліміне ауруханадан 16 жастағы қыздың ерте жүктілік диагнозымен түскені туралы хабарлама түсті. Жедел іздестіру шаралары барысында қылмыс жасады деген күдікпен 54 жастағы ер адам анықталып, ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – делінген полиция хабарламасында.  
 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар