Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Қызыл түске боялған»: Каспий теңізінің суы көпшілікті шошытты

«Қызыл түске боялған»: Каспий теңізінің суы көпшілікті шошытты
Сурет: @112_aktau / Instagram
Маңғыстау облысының экология департаментінің мамандары теңіз суының қауіпсіздігін анықтау үшін су сынамасын алды

Каспий теңізі жағалауындағы ерекше табиғи құбылысты байқаған Ақтау тұрғындары оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде бөлісті. 1А ықшам ауданындағы теңіз жағалауы қызыл түске боялған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл құбылысты Ақшұқыр ауылының тұрғындары да байқағаны белгілі болды. Жағдайға байланысты «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес ұйымының директоры Кирилл Осин түсініктеме берді.

«Бұл құбылыс жыл сайын қайталанады. Теңіз суының қызыл түске боялуына диатомды балдырлар себеп. Әдетте, бұл су температурасының күрт өзгеруінен болады. Экологияға ешқандай зияны жоқ», - деп сендірді сарапшы.

Маңғыстау облысының экология департаментінің мамандары теңіз суының қауіпсіздігін анықтау үшін 12 ақпанда су сынамасын алды.

«Зерттеу барысында теңіз суында химиялық заттар мен мұнай өнімдерінің бар-жоғы тексеріледі. Нәтижелер кейінірек жарияланады. Айта кетейік, мұндай құбылыстар жыл сайын әлеуметтік желілерде таралып тұрады», -деді департамент өкілдері.

Экологтардың айтуынша, бұл — табиғи процесс, диатомды балдырлар теңіз суына қызыл реңк береді. Бұл балықтар мен басқа да тіршілік иелеріне зиян емес.

Мұндай құбылыстар 2020 жылдың ақпанында Приморский ауылының жағалауында, 2018 жылы 1-ықшам аудандағы «Шағала» қонақүйінен «Нұр Плаза» жағажайына дейінгі аралықта байқалған. Ал 2017 жылы 9А ықшам ауданының жағалауында теңіз суы қызыл түске боялған болатын.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар