Президент Тоқаев мерзімді әскерге шақыру туралы жарлыққа қол қойды
- автор Томирис Тоныкөк
- 13 ақпан, 2025
- 118

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Заңға сәйкес, 2025 жылдың көктемі мен күзінде әскери қызмет мерзімі аяқталған сарбаздар запастағы құрамға шығарылады.
18-27 жас аралығындағы, кейінге қалдыру немесе босату құқығы жоқ ер азаматтар ҚР Қарулы Күштері, ІІМ (Ішкі істер министрлігі), ТЖМ (Төтенше жағдайлар министрлігі), ҰҚК (Ұлттық қауіпсіздік комитеті) және Мемлекеттік күзет қызметінің қатарына шақырылады.
Жергілікті әкімдіктер әскери басқару органдары арқылы азаматтарды шақыру жұмыстарын ұйымдастырады.
Үкімет, ҰҚК және мемлекеттік күзет қызметі әскерге шақырылғандарды орналастыру және қызмет мерзімін аяқтағандарды қайтару үшін барлық қажетті қаржылай және материалдық қолдауды көрсетеді.
Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда жоғалып кеткен 52 жастағы ер адам өлі күйінде табылды
- авторТомирис Тоныкөк
- 23 ақпан, 2025