Мәдениет
“Тамағыма ащы өксік тығылады”: Қарақат Әбілдина көңілі босап кеткенін айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 16 ақпан, 2025
- 794

Балам сахнада қолында бір шоқ гүлі бар «анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» деп анасына ән арнап тұр
Танымал әнші Қарақат Әбілдина ана туралы ән тыңдаса, көңілі құлазитынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бүл туралы Instagram парақшасында бөлісті.
«Ана туралы ән айтылғанда тамағыма ащы өксік тығылады. Сіздерде де солай ма? Ана мен бала арасындағы тылсым байланыстың құдіреті қандай күшті еді… Балам сахнада қолында бір шоқ гүлі бар «анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» деп анасына ән арнап тұр. Анасы болса «сағыныш қалдырып кеттің жүрегімде таусылмайтын» деп өз анасын ойлап көңілі босап отыр. Ех, бір кем дүние-ай. Аналарыңыз аман болсыншы», - деп жазды Қарақат Әбілдина.