Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Бәрі қымбат»: қазақстандықтар ет бағасының өсуін айтып, дабыл қақты

«Бәрі қымбат»: қазақстандықтар ет бағасының өсуін айтып, дабыл қақты
Сурет: tazabek.kg
Ірі қараның бағасы 3 мың теңгеден асып кеткен

Рамазан жақындаған сайын еттің бағасы тоқтаусыз өсіп жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап.

Ет бағасы барлық өңірде көтерілген. Әсіресе, сиыр мен жылқы етін арзанға табу қиын.

"Бәрі қымбат. Тапқан табысымыздан артылмайды. Әрине, еттің арзан болғанын қалаймыз", –деді ақтөбелік тұрғын.

Тағы бір тұрғын барлық жерде осы баға екенін, көнуге тура келетінін айтады. Өзінің ауылда тұрғанын еске алып, малдың жем-шөбі де қымбат екенін атап өтті. Тұрғындар жаңа жыл басталғалы бері етті жоғары бағамен әкелетіне наразы. 

Ал сатушы Лиза Қожаева жылда шетелден, әсіресе, Беларусьтен, Ресейден келетінін еске салды. Оның айтуынша, биыл сырттан ет жеткізілмеген. 

"Қазір етті жеке шаруақожалықтарынан қабылдап жатырмыз. 2 600 теңгеден алсақ, оны 2 800 теңгеге дейін көтереміз. Мысалы, етке 20% қоса алмаймыз", – деді Лиза Қожаева.

Кейінгі уақытта Жезқазған мен Көкшетау қалаларында еттің бағасы 4%-ға өскен. Ірі қараның бағасы 3 мың теңгеден асып кеткен. Ал мұны сарапшы Марлен Баймағамбетов етке экспорттың өсуімен байланыстырады. 

"Өзбекстан арқылы біздің көптеген ірі қара мал сыртқа шығып кетті. Біздің жағдайымызды жасай алмады. Осылайша сол елден Араб елдеріне қой еті тасымалданып жатыр. Сондықтан қазір елімізде ет тапшылығы болып жатыр", – деді агросарапшы.

Деректерге сенсек, былтыр ет экспорты 73 мың тоннаға жеткен. Қазақстан бұл өнімді, әсіресе, Өзбекстан, Тәжікстан мен Ресейге жібереді. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар