Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шерзат Болаттың өлімі: айыпталушышардың түрмеде туған күндерін тойлаған видеосы тарады (ВИДЕО)

Шерзат Болаттың өлімі: айыпталушышардың түрмеде туған күндерін тойлаған видеосы тарады (ВИДЕО)
Сурет: фотоколлаж KYN.KZ
Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды

Әлеуметтік желіде түрмеде жазасын өтеп жатқан бір топ ер адамның түрмеде билеп, көңіл көтеріп жатқан сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ер адамның бірі майшам қойылған тортты біреуіне ұсынып жатқанын байқауға болады. Автор мен желі қолданушылары видеодағылардың Шерзат Болаттың өліміне күдікті деп танылғандар екенін жазуда. 

Алматы облысы полиция департаменті ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. 

“Қамаудағының бірінің туған күнін атап өту сәті жазылған бейнежазбаның таралу фактісі бойынша жан-жақты тексеру жүргізілуде. Барлық кінәлі тұлғалар, соның ішінде басшылық та, қатаң жауапкершілікке тартылады. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды. Осы құқық бұзушылыққа ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қабылданды”, – делінген хабарламада.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар