Саясат
Берік Уәли Абай облысының әкімі қызметіне тағайындалды
- автор Томирис Тоныкөк
- 17 ақпан, 2025
- 408

Берік Уәли 2023 жылдың қыркүйегінде Президенттің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалған болатын
Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды. Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Берік Уәли Президенттің кеңесшісі және баспасөз хатшысы қызметінен босатылды.
14 ақпанда Нұрлан Ұранхаев Абай ауданының әкімі қызметінен босатылды. Ол 2022 жылдың маусымынан бері облыс басшысы болып жұмыс істеп келеді.
Еске салайық, 2023 жылдың қыркүйегінде Берік Уәли Президенттің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Руслан Желдібай президенттің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды
- авторkyn.kz
- 17 ақпан, 2025