Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Қайшыны мойнына сұғып алған»: жанжал кезінде әйел келінін өлтіріп алды

«Қайшыны мойнына сұғып алған»: жанжал кезінде әйел келінін өлтіріп алды
Сурет: oxu.az
Енесі отбасылық жанжал кезінде келіннің мойнына бірнеше рет қайшыны сұғып алған.

Өзбекстанда енесі келінін өлтіріп тастады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Жоғарғы сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл оқиға 2024 жылғы 4 қазанда Самарқанд облысы, Нарпай ауданында болған.

Айыпталушы әйел осыған дейін ата-ана құқығынан айырылғаны белгілі болды. Ол ұлы мен қызын балалар үйіне өткізген болып шықты. Бірақ ұлы үйленген соң, баратын жері жоқ екенін айтып, қолына кіріп алған.

Алайда, ол келінін қорлап, намысына тиетін сөздер айтқан. Ол енесінің қарым-қатынасы туралы анасына айтып берген. Бұл жайтты естіген анасы  бірнеше рет тойды тоқтатуға тырысыпты.

Өткен жылдың қазан айында әйел ұлы жоқтығын пайлдаланып келінімен жанжалдасып қалады.  Оны телефон қуаттағышының сымымен қылқындырған. Басынан банкамен ұрып, ақыры соңында мойнына қайшы сұғып жіберген. Ары қарай пышақпен келінінің кеудесіне бірнеше рет соққы жасаған. Жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болған.

Қылмыс жасағаннан кейін әйел қашып кетуге тырысқан, бірақ ол ұсталды.

Сот оны Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 97-57-бабының 2-бөлігі («Аса қатыгездікпен жасалған қасақана кісі өлтіру және жеңіл жаза тағайындау») бойынша кінәлі деп танып, 13 жылға бас бостандығынан айырды.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар