Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Қазақ ерлер орыс қыздарға үйленеді»: Қазақстанда әрбір оныншы сәби аралас некеден туған

«Қазақ ерлер орыс қыздарға үйленеді»: Қазақстанда әрбір оныншы сәби аралас некеден туған
Сурет: iStock.com / Kleykov
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазақ әйелдерінің басқа ұлт өкілдерімен некеге тұруы сирек кездеседі

Елімізде әрбір оныншы сәби аралас некеден туады. Сарапшы бұл қазақ тіліне қауіп төндіреді деп санайды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Былтыр өмірге келген 370 мың нәрестенің 9%-ы аралас некеден. Яғни 34 мыңға жуығының ата-анасы әртүрлі ұлттың өкілдері екен.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ұлтаралық некеден туған балалардың аналары көбіне орыс ұлтынан. Қазақ ерлер орыс қыздарға үйленеді. Ал қазақ әйелдерінің басқа ұлт өкілдерімен некеге тұруы сирек кездеседі дейді.

Тарих ғылымдарының докторы Аманжол Қалыштың сөзінше, аралас некенің көбеюі қазақ тілінің жойылып кетуіне әкеледі.

“Қазақ “өзбек өз ағам” деп айтады. Қырғыз, түрікмен, қарақалпақ, ұйғыр – бір. Түбі бір халықпыз. Осы ұлттар өзара үйленсе болады. Олар біздің тілді біліп отыр. Қалған халықтарға өз ықпалымызды көрсетуіміз керек. Аралас отбасыларда қазақша білетін, қазақ мәдениетін білетін аналар бар. Бірақ оның өзі сирек. Оннан тек біреуі ғана”, – деді тарих ғылымдарының докторы Аманжол Қалыш. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар