Мәдениет
“Салтанат Нүкенованың ағасы”: Say Mo сүйіктісімен бірге түскен суретін жариялады
- автор Томирис Тоныкөк
- 18 ақпан, 2025
- 1.6k

Желі қолданушылары ғашықтарға құттықтау айтты
Блогер, рэпер Say Mo желіде сүйіктісінің суретімен бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол жақында туған күнін атап өткен болатын. Ару оқырмандарына сүйіктісін көрсетті. Желі қолданушылары белгісіз жігітті марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдіге ұқсатып жатыр.
“Сағаттарынан тануға болады”, “Айтым болса тек қуанайықшы”, “Екеуі де ажырасқан, енді бақытты болсын” деп жазды олар.
Блогер туған күніне жігітінің қымбат бренд сөмке сыйлағанын айтты.
“Өзіме таңдатқасын мен үшін ең әдемі сөмке осы болды”, – деп жазды блогер.