Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Болат Назарбаев иелік еткен машина зауытының мүлкі мемлекетке қайтарылады

Болат Назарбаев иелік еткен машина зауытының мүлкі мемлекетке қайтарылады
Сурет: фотоколлаж kyn.kz
Бұған дейін зауыттың 31,9 пайызы Болат Назарбаевқа тиесілі болған

Алматы прокуратурасы Алматы ауыр машина жасау зауытының жылжымайтын мүлкін қайтарды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Осыған дейін қалалық прокуратура зауыт мүлкін заңсыз сату деректерін анықтаған болатын.

"Қала прокуратурасының қадағалау актісін орындау шеңберінде Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті сотқа мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап-арызбен жүгінді. Талап-арыздың мазмұны зауытқа 37 гектардан аса жер учаскесін және жалпы ауданы 79 966 м2 болатын 94 тұрғын емес үй-жайды қайтаруға байланысты", - деп жазылған хабарламада.

Сот талапкердің талаптарын қанағаттандырды, апелляциялық саты шешімді күшінде қалдырды.

Айта кетсек, бұған дейін зауыттың 31,9 пайызы Болат Назарбаевқа тиесілі болған. 2007 жылы "Темір Кон" ЖШС мемлекеттік пакеттің 31,9 пайызын қоса алғанда, "АЗТМ" АҚ акцияларының 86,78 пайызын Болат Назарбаевқа сатты.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар