Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Қыз қарсылық көрсеткен»: Атырауда қыз алып қашқан жігіт қамауға алынды

«Қыз қарсылық көрсеткен»: Атырауда қыз алып қашқан жігіт қамауға алынды
Сурет: видеодан скриншот
Қыз арыз жазудан бас тартқан

Екі ер адамның қызды күштеп көлікке отырғызғаны туралы видео желіде тарап кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиғаның Атырауда болғаны белгілі болды. Қыз айқайлап, өзін алып қашушы жігіттерге қарсылық көрсеткен.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты пікір білдірді. Күдікті 22 жастағы жергілікті тұрғын екені анықталды.

Қыз арыз жазудан бас тартқан. Күдікті ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырып, қамауға алынды. Ал көлігі арнайы тұраққа жеткізілді.

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар