Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Айналамдағы адамдар сүзгіден өтті»: Жұлдыз Әбдікәрімова өзіне тиесілі дүниесін қайтарып алды

«Айналамдағы адамдар сүзгіден өтті»: Жұлдыз Әбдікәрімова өзіне тиесілі дүниесін қайтарып алды
Сурет: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial
Бұл жаңалықтың жақсы жері сол, мен үшін бәрі де аяқталды

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова үлкен сынақтан өткенін және дос-жарандардың шынайы бейнесін көргенін айтты. Бұл туралы ол желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

«Ең алдымен алғыстан бастағым келеді…

Өздеріңізге белгілі, сот мәселесі бойынша іс жүріп жатты. Жария етіп жазған күннен бастап, маған тілеулес, жанашыр, кеңесші, жол сілтеуші болған әр жанға алғыс. 

Бұл жаңалықтың жақсы жері сол, мен үшін бәрі де аяқталды. Балаларыма, өзіме тиесілі дүние қайырымен қайтты», – деп жазды Әбдікәрімова. 

Сонымен қатар, бұл оқиғадан сабақ алғанын жаза кетті. ҚР Бас прокуратурасы, Астана қалалық прокуратурасы қызметкерлері мен адвокаттарға алғыс білдірді.

«Айналамда жаным-күнім деп, айналып-толғанып жүрген жандар бір-ақ күнде зым-зия болғанын көрдім. «Не көмек?» – деп галочка үшін суық қана смс жолдағандар да болды…бастысы айналамдағы адамдар сүзгіден өтті», – деп түйді актриса. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар