1,5 млрд теңге жымқырды деп ұсталған Перизат Қайрат ісіне қатысты тың дерек айтылды
- автор Томирис Тоныкөк
- 19 ақпан, 2025
- 3.5k

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Перизат Қайраттың ісіне қатысты тың деректер айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ulysmedia.kzсайтына сілтеме жасап.
Қазіргі таңда Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық іс тергеуде.
“Тергеу аяқталуға аз қалды. Жақын арада қылмыстық істің материалдарымен танысуға көшеміз. Ол қанша уақытқа созылатынын нақты айта алмаймын. Себебі ол қылмыстық процестің қатысушыларына байланысты. Қылмыстық іс заттай дәлелдерді санамағанда 100 томнан тұрады. Сот Перизат Қайраттың қамауда отыру мерзімін ұзартты”, - дейді Елемесов.
Оның сөзінше, қылмыстық іс “Алаяқтық” бабы бойынша тергеліп жатыр.
“Сонымен қатар, қылмыстық іс 218-бап бойынша қаралып жатыр. Тағы бірнеше эпизод бар. Бұған дейін Палестинадағы жағдайға қатысты және су тасқынына қайырымдылыққа жинаған ақшалары туралы айттық. Жақында жаңа эпизодты анықтадық. Перизат Қайрат мүгедек жандарға реабилитациялық орталық ашамын деп аукцион ұйымдастырып, тағы 22 миллион теңге жинап алған”, - дейді Жеңіс Елемесов.