«Мен өзімді қорғадым»: адам өліміне әкелген төбелес үшін сотталған павлодарлық сот залында босатылды
- автор Томирис Тоныкөк
- 19 ақпан, 2025
- 2.3k

Павлодарда өзін пышақпен шабуылдаған бейтаныс адамның өліміне кінәлі болып қалған 21 жастағы жігітке қатысты іс сотта қаралды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Аталмыш оқиға өткен жылы 11 тамызда Павлодардағы "Гоголь" түнгі клубының жанында болған. Бейнебақылау камераларынан 23 жастағы ер адамның екі жас жігіттің біреуіне шабуыл жасағанын көруге болады. Оның қолында пышақ болған.
Бір уақытта жігіттер арасында төбелес болып, екеуі жерге құлаған. Сотталушы өзіне шабуыл жасаған жігітті ұрып, қорғануға тырысқан. Ол төбелесті тоқтатпақ болып артқа шегінген, алайда қарсыласы оған пышақ сермеген. Артынша құлап қайтыс болған.
Сот-медициналық сараптама жас жігіттің өліміне бас-ми жарақаты мен миына қан құйылу себеп болғанын анықтады.
2024 жылдың күзінде өзін қорғаған Павлодар тұрғыны жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылып, 4,5 жылға сотталған еді.
Марқұмның анасы бұл жазамен келіспей, оны қатаңдатуды талап етті. Прокуратура жәбірленушіні 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.
Бірақ сотталушы Жоламанның адвокаты айыпталушы өзін-өзі қорғау мақсатында ғана әрекет еткенін алға тартып, ақтауды сұрады. Апелляциялық сот бейнематериалдарды қайта қарап, дәрігерлік сараптаманы тыңдады.
"Оның заң бойынша жазалануын қалаймын. Қандай іс-әрекет жасағанын түсінсін. Ол тірі, бірақ менің ұлым енді жоқ...", – деді әйел сотқа.
Айыпталушы өз кінәсін мойындамады.
"Менің не істеуім керек еді? Үндемей өліп, оның жаныңда жатуым керек пе еді? Тіпті жануар да қауіп төнгенде өзін қорғайды. Оның агрессиясын көргенде, өзімді қорғауым керегін түсіндім. Қолында пышағы болды, ал менде ештеңе жоқ. Кетіп қалғым келді, бірақ ол мені жібермеді. Ол пышағын кез келген уақытта қолдануы мүмкін еді", – дейді сотталушы.
Сот дәлелдемелерді егжей-тегжейлі зерделей келе, бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгертіп, сотталған адамның әрекетін Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігінен (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) 112-бабының 2-бөлігіне (Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде денсаулыққа ауыр зиян келтiру) қайта саралады.
"Қауіпсіздігі ең төмен мекемеде бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Үкімге есептелген қамауда болған уақытын ескере отырып, екі тәулікке бір тәулік есебімен сотталушы жазасын өтеді деп есептеліп, ол дереу қамаудан босатылсын", – деп хабарлады Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мұрат Солтыбаев сот қаулысында.
Апелляциялық соттың шешімі жарияланғаннан кейін сотталушы сот залында босатылды. Жас жігіт мұндай нәтиже күтпегенін мойындады
«Ес-түссіз болса да клубқа барып, төбелесіп қалудан ешкім де сақтанбайды. Мұндай жағдайда әркім әртүрлі әрекет етеді: біреу қашып кетеді, басқалары өзін қорғайды. Менде 8 жыл күтіп тұрғанын естігенде, солай болды деп ойладым. Бірақ мен әлі де әділдікке сендім», - дейді босатылған