
Ресей президенті Владимир Путин Эр-Риядтағы ресейлік-американдық келіссөздерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ресейлік БАҚ-на сілтеме жасап.
Ресей басшысы келіссөздерді жоғары бағалап, «нәтиже бар» деді.
«Бірінші айтарым, біз дипломатиялық департаменттердің қалыпты жұмысын қалпына келтіруге келістік», - деді Владимир Путин.
Путиннің айтуынша, Ресей еуропалықтармен байланыс пен Украинамен келіссөздер үдерісінен ешқашан бас тартқан емес. Бұл ретте Украинаны ол жақтан ешкім шеттете алмайды.
«Президент Трамп маған, әрине, АҚШ келіссөздер үдерісі Ресей мен Украинаның қатысуымен өтетінін айтты», - деді ол.
Путин сонымен қатар Трамппен кездесуге қуанышты болатынын, бірақ оның қашан болатынын айтуға әлі дайын емес екенін айтты.
«Дональд Трамппен қуана кездесуге дайынмын. Ол да солай деп ойлаймын», - деді Ресей президенті.
Ұқсас жаңалықтар
Руслан Желдібай президенттің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды
- авторkyn.kz
- 17 ақпан, 2025