Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Қазіргі балалардың емізігі — TikTok, бесік жыры — Instagram» – депутат

«Қазіргі балалардың емізігі — TikTok, бесік жыры —  Instagram» – депутат
Сурет: РИА новости
Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан елімізде соңғы екі жылда ТикТокқа 14 млн адам тіркеліп үлгергенін айтады

Премьер-министрге жолданған депутат сауалында Жанарбек Әшімжан әлеуметтік желіні қазірден сүзгіден өткізіп шектеу қою қажеттігін алға тартты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

«Құмар ойындарды жарнамалау, стрим арқылы әдепсіз әдеттерді көрсету, боқауыз сөздер, порнография, суицидке шақыру, діни уағыздардың оңды-солды таралуы буллинг, тыйым салынған заттардың жарнамасы секілді теріс ақпараттар осы ТикТок арқылы таралуда. ТикТоктан көргенін қайталап, жағымсыз қылық пен әдепсіз іске үйір болып бара жатқаны да жасырын емес», - деді Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан.

ТикТок желісін Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан мен Иранда оны қажетсіз деп танып, тосқауыл қойды.

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан елімізде соңғы екі жылда ТикТокқа 14 млн адам тіркеліп үлгергенін айтады.

Еске салсақ, осыған дейін кәмелет жасына толмағандардың ТикТокты пайдалануына шектеу қою мәселесін бірқатар мәжілісмендермен қатар депутаттар да Сенат мінберінде көтерген болатын.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар