Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Заңға бағынам”: Алмас Кішкенбаев өзіне тағылған айыппен келіспейтінін жеткізді

“Заңға бағынам”: Алмас Кішкенбаев өзіне тағылған айыппен келіспейтінін жеткізді
Сурет: ашық дереккөздерден
Маған бұдан былай бұл ақпарат жөнінде сұрақ қоймасаңыздар болады

15 тәулік қамаудан шыққан әнші Алмас Кішкенбаев өзіне тағылған айыппен келіспейтінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол өзіне қолдау білдіргендерге алғысын білдірді. 

“Барлығы аяқталған соң ақпаратты өзім беремін деп ойлағанмын. Бірақ бәрі жарыса жазыпты. Жарайды. Біріншіден, осындай қиын жағдайда маған қолдау білдірген жандардың барлығына алғысымды білдіргім келеді. Қолдау білдірген жандар қаншалықты болса, рейтиң жинаған, хайп қуған жандар да жеткілікті болды. Барлығы құдайға шүкір аяқталды. Соттың шешімі бар. Мен заңнан биік емеспін. Заңға бағынам. Бірақ маған айыппен келіскен емеспін. Келіспеймін де. Бәрі құдайға шүкір аяқталды. Маған бұдан былай бұл ақпарат жөнінде сұрақ қоймасаңыздар болады. Осы жерден өзім нүктесін қояйын. Айтарым осы. Аман болыңыздар, – Алмас Кішкенбаев.

Еске салсақ, әнші курьер жасөспірімге тиісті деп айыпталған болатын. Алайда ол ештеңе есінде жоқ екенін айтты. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар