Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Қиыншылығымда да, қызықшылығымда да демеу болды”: Айгүл Иманбаева Дулат Исабеков туралы естелігімен бөлісті

“Қиыншылығымда да, қызықшылығымда да демеу болды”: Айгүл Иманбаева Дулат Исабеков туралы естелігімен бөлісті
Сурет: ашық дереккөздерден
Ағама кіріп, жағдайын біліп, бетінен бір сүйіп кетемін бе деген ойым еді, оған палатасына кіруге рұқсат бермеді

Актриса Айгүл Иманбаева марқұм Дулат Исабекұлының қазасына қайғыра көңіл айтып, қош айтысты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Ол жазушыға 10 күн бұрын хабарласқанында ауруханаға түсіп қалғанын естіген. Сол кезде жағдайын сұрай алмаған екен.

“Барша Қазақ халқына қайғырып көңіл айтамын. Қазақстанның Еңбек Ері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы-драматург Дулат Исабеков дүниеден озды.

Осыдан 10 күн бұрын Дулат ағама телефон шалған едім. Телефон трубкасын көтермеген соң,қызы Шолпанға хабарласқанда ағамның ауруханаға түсіп қалғанын естідім. Ағама кіріп, жағдайын біліп, бетінен бір сүйіп кетемін бе деген ойым еді, оған палатасына кіруге рұқсат бермеді. Дулат ағам артына өшпес мұра қалдырды,өшірілмес із қалдырды. Дәл осы уақытта елден алыста болып, ағамды соңғы сапарына да шығарып сала алмай, өзегім өртеніп отырған жайым бар. Дулат ағам менің басымда болған қиыншылығымда да,қызықшылығымда да барлық уақытта маған сүйеу, демеу болды. Үлгі тұтар, ақыл айтар әкемдей болды. Бақұл бол,жан ағам!», — деп жазды Айгүл Иманбаева.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар