Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Оқу корпусында түнеп, спортзалда тамақтанады”: Динара Зәкиева Алматы облысындағы мектеп-интернатындағы балалар туралы айтты

“Оқу корпусында түнеп, спортзалда тамақтанады”: Динара Зәкиева Алматы облысындағы мектеп-интернатындағы балалар туралы айтты
Сурет: жеке парақшасынан
Балалардың қазіргі қиын жағдайда қалмауы үшін оларды жақында жөндеуден өткен және бос орындары бар басқа интернатқа көшіру туралы шешім қабылданды

Балалар омбудсмені Динара Закиева Алматы облысындағы И.Нүсіпбаев атындағы мектеп-интернатындағы балалардың қалай өмір сүріп жатқанын айтты. Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Закиеваның жазуынша, "Балалар қорғауда" қорының жетекшісі Жанна Ахметовамен бірге мектеп-интернатына зерттеу жүргізген. 

"6 жастан асқан 170 бала интернатта ауыр жағдайда өмір сүріп жатыр. Үш жыл бұрын мекемеде күрделі жөндеу жұмыстары басталғанымен, мердігер оны аяқтамай, жосықсыз деп танылған. Соның салдарынан балалар жартылай қираған ғимаратта тұруға мәжбүр, оқу корпусында түнеп, спортзалда тамақтанады, ал санитарлық-гигиеналық нормалар бұзылып отыр. Бұл мәселені және облыстағы балалар қауіпсіздігіне қатысты тағы екі маңызды сұрақты Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевпен кездесу барысында талқыладық. Әкімдік жөндеу жұмыстарын аяқтау немесе жаңа интернат салу мәселесін қарастырды. Алайда балалардың қазіргі қиын жағдайда қалмауы үшін оларды жақында жөндеуден өткен және бос орындары бар басқа интернатқа көшіру туралы шешім қабылданды", - деп жазды Динара Закиева. 

Сонымен бірге, Динара Закиева өңірлік уәкіл Айгүл Есімбековамен және Психологиялық қолдау орталығының ұжымымен кездескенін атап өтті.

"Қабылданған заңға сәйкес, 5000 балаға 1 қызметкерден келуі керек. Осылайша, облыста 109 қызметкер болуы тиіс, әр ауданда шамамен 10 маманнан. Бұл жүйенің тиімді жұмыс істеуі, балаларды қорғау және зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын сапалы жүргізу үшін өте маңызды, әсіресе өңірдегі зорлық-зомбылыққа қатысты күрделі жағдайды ескере отырып", - дейді ол.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар