Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Жалғыз қыз еді”: Астанада мектеп автобусы 9 жасар қызды басып кетті

“Жалғыз қыз еді”: Астанада мектеп автобусы 9 жасар қызды басып кетті
Сурет: regnum.news
Автобус жүргізушісі тәжірибелі маман болған

Астанада мектеп автобусы 9 жастағы қызды басып кетті. Алған жарақаттарынан оқушы оқиға орнында жан тапсырған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. 

Ол 4-сыныпта оқыған. Марқұмның туыстарының айтуынша, оқиға қыз сабаққа бара жатқанда болған. Автобус жүргізушісі осы кезде көлікті артқа айдаған. Алайда көлікке бұлай айналым жасау үшін жол тар болған.

“Біз үшін ол ханшайым еді. Жақсы оқыды, өте жақсы болды. Үш баланың арасындағы жалғыз қыз еді. Біз үшін орны толмас қайғы. Мен жүргізіші мен директор кінәлі деп есептеймін. Себебі ол жақта аула өте тар. Енді директор мен жүргізуші жазалансын“, – деді марқұмның туысқан әпкесі Айгүл Қаңтарбаева. 

Ал деректерге сүйенсек, автобус жүргізушісі тәжірибелі маман болған. 

“Ол үлкен кісі, өзі де – ата. Жылап, қайғырып жүр. Жеке танымасам да, мектепте көретінмін. Жақсы адам, балаларымызды таситын. Ешкімді директорды да, жүргізушіні де жақтамаймыз. Барлығы заңға сай шешілсін”, – деді Ата-аналар комитетінің мүшесі Гүлнұр Аманова. 

Білім басқармасы оқыс оқиғаға қатысты жағдай қатаң бақылауда болатынын жеткізді. 

“Ақмола облысының білім басқармасы қайғылы оқиға болған отбасыға көңіл айтады. Оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылды. Олар мән-жайды түбегейлі анықтау үшін барлық қажетті іс-шараларды ұйымдастыруда. Оқушының отбасына қажеті психологиялық қолдаулар көрсетіледі”, – делінген хабарламада.

Полицияның мәліметінше, қазір автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар