Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Ұрғанда аямайтын”: актриса Гүлжан Қалыбаева марқұм күйеуі туралы айтты

“Ұрғанда аямайтын”: актриса Гүлжан Қалыбаева марқұм күйеуі туралы айтты
Сурет: ашық дереккөздерден
Кейде бетімнің көкала болғанынан сыртқа шыға алмай қалатынмын

«Тамаша» ойын-сауық отауы арқылы көпшілікті өнерімен сүйсінткен Гүлжан Қалыбаева марқұм күйеуінен көп таяқ жегенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы журналист Аман Тасығанмен сұхбатында әңгімеледі. Айтуынша, бір кездері ішкілікке де салынып кеткен екен. 

«Мақұм күйеуім Төлегеннен қатты қорқатынмын. Мінезді еді ғой. Өтірік емес, қол көтеретін. «Жақсы көрсе, ұрады» дейтін түсінік бар еді ғой ол кезде. Ұрғанда аямайтын. Кейде бетімнің көкала болғанынан сыртқа шыға алмай қалатынмын. Бір жерде артық 5 минут отыруыма рұқсат бермейтін. Кейін одан қорыққанымнан аздап спирттік ішімдік ішуді бастадым. Мен ішкен кезде ол маған қол көтермейтін. Ал маған керегі де сол болатын. Содан… бірақ қазір мүлде аузыма алмаймын», - дейді актриса.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар