Басты жаңалықтар
Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды
- автор Томирис Тоныкөк
- 24 ақпан, 2025
- 1.5k
Мемлекеттік өрт қадағалау инспекторынан Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасына дейінгі лауазымдарда қызмет атқарды
Төтенше жағдайлар вице-министрі болып Рамиль Камалов тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 21 ақпандағы қаулысымен бұрын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы болған Камалов Рамиль Фаткулович Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметіне келді.
Рамиль Камалов 1976 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Білімі арнайы жоғары.
Азаматтық қорғау органдарында 1993 жылғы қыркүйектен бастап қызмет атқаруда. Мемлекеттік өрт қадағалау инспекторынан Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасына дейінгі лауазымдарда қызмет атқарды. Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментін басқарды.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Басты жаңалықтар
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




