Супермен образы үшін сынға қалған: мәжіліс депутаты Шымкент әкімінің орынбасары болды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:47
- 47

Парламент мәжілісінің депутаты Руслан Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Руслан Арысбекұлы Берденов қала әкімінің орынбасары болып Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі мен Шымкент қаласы әкімінің өкімімен тағайындалған.
Руслан Берденов Шымкент қаласының тумасы. Білімі жоғары, 2006 жылы менеджмент мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 2009 жылы КИМЭП Университетін Іскерлік басқару магистрі (MBA) дәрежесімен бітірді.
Еңбек жолын 2005 жылы "Алматы құс" ААҚ ("Сеймар" тобы) компаниясының бөлшек сауда директоры қызметінен бастады.
2007 жылғы ақпан-2010 жылғы шілде-Procter & Gamble компаниясының бас логистикалық үйлестірушісі.
2010 жылғы шілде-2012 жылғы қараша – "Eastcomtrans" ЖШС жылжымалы құрамды жалдау бөлімінің бастығы.
2012 жылғы қараша-2018 жылғы мамыр – "Ақ ниет" ЖШС Бас директоры.
2018 жылғы қараша-2019 жылғы сәуір – "Ақ ниет" ЖШС Байқау кеңесінің мүшесі.
2019 жылғы сәуір-2023 жылғы наурыз-Aq niet Group Байқау кеңесі төрағасының орынбасары.
2023 жылғы 29 наурыздан бастап – "Respublica" партиясының партиялық тізімі бойынша VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі. 2023 жылғы наурыздан бастап VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты "Respublica" партиясының партиялық тізімі бойынша сайланды.
Ұқсас жаңалықтар
Руслан Желдібай президенттің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды
- авторkyn.kz
- 17 ақпан, 2025