Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Осылай ақшаны қайдан алады?»: қыздарына қымбат сырға сыйлаған Төреғали Төреәлінің ата-анасы сынға қалды (ВИДЕО)

«Осылай ақшаны қайдан алады?»: қыздарына қымбат сырға сыйлаған Төреғали Төреәлінің ата-анасы сынға қалды (ВИДЕО)
Сурет: видеодан скриншот
Сырғаның бағасы 2 миллион 170 мың теңге деп жазылған

Отандық әнші Төреғали Төреәлінің ата-анасы кенже қыздарының туған күніне қымбат сырға сыйлады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы әпкесі Фариза Төрелі жазды. Ол сіңлісіне көлік сыйлаған еді.

“Анашым мен әкешім Динаның туған күніне сырға алып жатыр. Отбасыларының атынан екен. Өздеріне ұнаған сырғаны таңдады”, – деді Фариза Төрелі. 

Видеода сырғаның бағасы анық көрінеді. Ол жерде 2 миллион 170 мың теңге деп жазылған.

Бұған қатыты желі қолданушылары пікірі екіге бөлінді. Бірі мұндай бағалы сыйлықты құп көрсе, енді бірі мұны мақианшақтыққа балады.

«Мен квартира алатын едім, ақымактар-ай», «Курс сатсаңдар сендерде аласыңдар халқым», «сұмдық қарапайым халық ертеңгі күнінің нанын ойлап,зарплатадан,зарплатаға әзер жетіп жүргенде,бұлар не», «осылар акшаны кайдан алады кешке дейін уйде отырады» деп жазды желі қолданушылары.

@hhan2020

 

♬ Айта алмай келем - Daniyaarman

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар