Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Қартайғанда тайраңдамай, қосыл»: ажырасып кеткен Сейфуллин Жолбарыс отбасымен серуендеген суретін жариялады

«Қартайғанда тайраңдамай, қосыл»: ажырасып кеткен Сейфуллин Жолбарыс отбасымен серуендеген суретін жариялады
Сурет: ашық дереккөздерден
Желі қолданушылары Сейфуллин Жолбарыстың отбасына оралғанына қуанып, тілектерін айтты

Белгілі әнші Жолбарыс Сейфуллин екінші әйелі Екатерина Вайтпен қайта қосылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Әншінің әйелі төрт көзі түгел болып, отбасымен серуенге шыққанын жазған.

“Бүгін Шымбұлақтамыз! Қанатты жолмен серуендемегелі біраз жыл өтіп кетіпті. Түбінде тұрып, қадірін білмейміз. Осы бақытты күнімізге шүкір! Төрт көзіміз түгел, деніміз сау”, – деп жазды Екатерина Вайт. 

Бұдан бөлек жұлдызды жұптың Шымкентте жүргені белгілі болды.

Бұл көріністі көрген желі қолданушылары Сейфуллин Жолбарыстың отбасына оралғанына қуанып, тілектерін айтты. 

Олар «Қартайғанда тайраңдамай, қосыл», «дені сау адам, мынадай әйелден айырыла ма?», “Жеңгеміз өте жақсы адам”,“Керемет әйелдің қадірін білмей жүрсің”, “Қартайғанда қосылғаның жақсы болды”,  “Бірге жүргендеріне көріп қуандық” деп жазуда.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар