Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Арман Дүйсеновтің ұлының өліміне қатысты жан шошырлық деректер айтылды

Арман Дүйсеновтің ұлының өліміне қатысты жан шошырлық деректер айтылды
Сурет: ашық дереккөздерден
Анасы ұлының пәтеріне барып, оны қолдары байлаулы, асылып тұрған күйінде тапқан

Композитор Арман Дүйсеновтің ұлы Абылай Арманұлы суицидтен қайтыс болды, деп хабарлады KYN.KZ ақпарат агенттігі Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

2024 жылдың 7 қазан күні кешке жас жігіттің денесі өз пәтерінде асылып тұрған күйінде табылды. Марқұмның қолдары байланған екен. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, өлімнің себебі – механикалық асфиксия.

Ақпарат көзіне сәйкес, жас жігіт қазасынан бір күн бұрын анасының қоңырауларына жауап бермеген.

Қайғылы оқиғадан бұрын анасына Абылайдың досы хабарласып, ұлының 95 млн теңге қарызы бар екенін және оны 5 күн ішінде қайтару қажеттігін айтқан. Қатты алаңдаған анасы ұлының пәтеріне барып, оны қолдары байлаулы, асылып тұрған күйінде тапқан.

Іс бойынша үш сараптама жүргізілді, және олардың барлығы жас жігіттің өз-өзіне қол жұмсағанын растады.

Еске сала кетейік, 8 қазан күні белгілі қазақстандық композитор Арман Дүйсеновтің ұлы Абылайдың қайтыс болғаны туралы мәлімет тарады. Алдын ала мәлімет бойынша, 21 жастағы Абылай әкесінің абыройы үшін күресіп, қайтыс болған.

Танымал продюссер Баян Мақсатқызы бұл қайғылы хабарды ауыр қабылдағанын айтты және жуырда Абылайдың одан көмек сұрағанын еске алды.

«Абылай маған хабарласты. Бұған дейін ол ешқашан маған қоңырау шалған емес. Әрине, хабарласпаса да, мен оны жақсы танитынмын, бірнеше рет кездескенбіз. Сол сәтте ол маған туған әпкесіне хабарласқандай ашық түрде: «Баян әпке, сізден көмек сұрағым келеді»,- деді.

Ол маған екі сағаттан кейін бір телеарнада бағдарлама эфирге шығатынын және онда шоу-бизнес өкілдерінің қатысатынын айтты. Бағдарлама қонақтары туралы біраз мәлімет берді. Мен оған: «Абылай, егер сен маған кеше хабарласқанда, мен бұл мәселені шешуге тырысар едім. Бірақ екі сағат қалған кезде мен ештеңе істей алмаймын» деп жауап бердім. Оның көңіл күйі алай-дүлей екенін сездім. Ол маған: «Сіз олардың менің әкеме не істегелі жатқанын білесіз бе? Оған тиіспесінші»,- деді.

Сол телешоуда кейбір танымал тұлғалар Арман мен оның отбасының жеке өмірін талқылаған екен. Абылай сол бағдарламаның эфирге шықпауын өтінді, өйткені ол әкесінің атына кір келмегенін қалады. Абылайдың маған қоңырау шалғандағы мақсаты – әкесінің абыройын қорғау еді», – деп бөлісті Баян Алагөзова.

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов 21 жастағы Абылай кісі қолынан қаза тапқан болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар