Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Өз қызын зорлап өмір бойына қамалған әкімнің ұлы туралы тың мәлімет шықты

Өз қызын зорлап өмір бойына қамалған әкімнің ұлы туралы тың мәлімет шықты
Сурет: pexels.com
Әділхан Сәкенов – Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімі Қайрат Пшенбаевтың ұлы

Ер адам өткен жылдың маусым айында өз қызын зорлаған. Сот оны кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Петропавлда әкімнің ұлы, 29 жастағы Әділхан Сәкенов кішкентай қызын зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

«Сотталушының кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, фотосуреттермен және сараптамалық қорытындылармен анықталды», - делінген сот хабарламасында.

Әділхан Сәкенов – Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімі Қайрат Пшенбаевтың ұлы. Шенеунік бұған дейін мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасын басқарған және «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары болған. 2012 жылы Пшенбаев облыстық мәслихаттың депутаты болды және Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ат спорты федерациясын басқарды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар