Астанада лифтте 5 жасар баланың бетін пышақпен тілгілеген: жасөспірімді психдиспансер қызметкері ұрған (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 25 ақпан, 2025
- 56

Астанада лифтіде 5 жасар баланы пышақтаған 14 жастағы жасөспірімді психоневрологиялық диспансерде әлімжеттікке ұшырағаны белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бозбаланың шизофрения дертімен ауыратыны анықталды.
Бұл туралы «Ерекше балалардың ата-аналары одағының» елордалық филиалының жетекшісі Гүлсан Мауина мәлімдеді.
“Санитар жасөспірімге екі рет қол көтерген. Кеше және бүгін болған. Біз қазір сот медициналық сараптамасын жасатуға тырысып жатырмыз. Полицияға хабарластық, учаскелік полиция қызметкері келді, бірақ әлі нәтиже жоқ. Баланың анасы екі күн бойы сараптама жасата алмай жүр”, – дейді одақ төрайымы.
Айтуынша, шизофренияға шалдыққан 14 жастағы жасөспірім психоневрологиялық диспансердің ересектерге арналған бөліміне жатқызылған. Одақ төрайымы бөлмелерде бейнебақылау камералары болмағандықтан ұрып-соғу фактісін дәлелдеу мүмкін еместігін атап өтті.