Семейде 6-сынып оқушысын ұрып соққан жасөспірімдер арнайы мектепке жіберілді
- автор Томирис Тоныкөк
- 25 ақпан, 2025
- 1

Абай облысында 6-сынып оқушысын аяусыз соққыға шыққан жасөспірімдерге қатысты комиссия шешім шығарды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Семейде өткен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында жасөспірімдерді арнайы мектепке жіберу туралы шешім қабылданды.
"Комиссия үш ата-ананы құқығынан айыру туралы ұсыныс жасады. Бір қамқоршыға қатысты екі баланы қамқорлықтан айыруды ұсынды. Барлық материалдар сотқа жіберілді, сотта соңғы шешім қабылданады. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот жасөспірімдердің арнайы мекемеде болу мерзімін анықтап, ата-ана құқығынан айыру туралы соңғы шешім шығарады", – делінген полиция хабарламасында.
Абай облыстық полиция департаменті жасөспірімдердің әрекетіне қатысты тергеу басталғанын атап өтті.