Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ораза айы қарсаңында құрма мен жаңғақтардың бағасы өсе ме?: сауда министрлігі жауап берді

Ораза айы қарсаңында құрма мен жаңғақтардың бағасы өсе ме?: сауда министрлігі жауап берді
Сурет: islam.ru
Кейбір тағамдардың бағасында өзгеріс болмайды

Қасиетті Рамазан айында құрма, жаңғақ секілді дәнді дақылдар қымбаттай ма деген сұраққа Сауда министрлігінің басшысы Арман Шаққалиев жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Мәжіліс алаңында журналистер Шаққалиевке кейбір тағамдардың, ет, құрма, жаңғақ және сүт өнімдері сияқты тауарлардың бағасы көтерілуі мүмкін бе деген сауал қойды.

«Ағымдағы тәжірибеден алар болсақ, осындай кезеңдерде біздің сауда желілері акциялар өткізеді, бағаны төмендету туралы хабарлайды. Тіпті  түрлі іс-шаралар өткізеді. Бұл ең маңызды нәрсе. Бұл жақсылық мерекесі. Мұндай кезде көпшілігі ақша табуға тырыспайды, керісінше өздерінің жомарттығын көрсету мақсатында тиісті шараларды қолға алып, бағаны төмендетуге бағытталған түрлі акцияларды өткізеді», - деп жауап берді Арман Шаққалиев.

Шенеунік ведомствода ораза қарсаңында бағада өзгеріс көрсетілмегенін атап өтті.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар