Қоғам
Алматыда өткен жылы жоғалып кеткен жігіт пен қыз табылды
- автор Томирис Тоныкөк
- 26 ақпан, 2025
- 558

Екі жастың осы уақытқа дейін қайда болғаны белгісіз
Өткен жылы күз айында Алматыда жоғалып кеткен жігіт пен қыз аман-есен табылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері мәлімдеді.
2007 жылы туған Лағыл Бұланбаева мен 2002 жылы туған Айбек Базарбаев 2024 жылы 24 қыркүйекте жоғалып кеткен. Таңғы сағат 6-да жігіт пен қыз Еңбекшіқазақ ауданы, Кировец ауылы, 14-жол көшесі, 1-үй мекенжайынан бірге шығып кеткен.
Еріктілердің мәліметінше, жоғалғандар 21 ақпанда табылды. Жастардың осы уақытқа дейін қайда болғандары анықталмаған.
Келесі мақала
Ақтауда 15 жасар оқушыны қатарластары жабылып сабаған
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Денсаулық сақтау министрі Руслан Берденовтің жағдайы туралы айтты
- авторТомирис Тоныкөк
- 29 сәуір, 2025