Өмірлік қиын жағдайларға тап болған түлектер білім грантын өтеуден босатылуы мүмкін
- автор Томирис Тоныкөк
- 27 ақпан, 2025
- 98

Елімізде өмірлік қиын жағдайларға тап болған түлектер білім грантын өтеуден босатылуы мүмкін. Мәжіліс депутаттары мақұлдаған заң жобасына сәйкес бұл санатқа мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған немесе I топтағы мүгедек адамды бағып отырған азаматтар кіреді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтарына сілтеме жасап.
Сондай-ақ, өзгеріс енген құжатта жоғары білімін шетелдік оқу орындарында жалғастыратын жандарға міндетті еңбек өтеу мерзімі кейінге шегеріледі. Яғни, қыз-жігіттер магистратураны тәмамдаған соң екі жылдан кейін осы талапты орындай алады.
Оған қоса, халықаралық ғылыми жарыстардағы жеңістері үшін оқушылар мен оларды дайындайтын мұғалімдерге біржолғы төлемақы беру қарастырылады.
Ал 10-шы және 11-сынып оқушыларына мектеп пен колледжде қатар оқуға мүмкіндік берілмек.