Қоғам
Өскеменде 44 жастағы әйел сәбиін қоқысқа тастап кеткен
- автор Томирис Тоныкөк
- 27 ақпан, 2025
- 360

44 жастағы әйел жүктілік бойынша есепте тұрмаған, медициналық көмекке жүгінбеген
Өскеменде әйел жаңа туған сәбиін қоқыс контейнеріне тастап кеткен. Шақалақ өлі табылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
f16.kz сайтының мәліметінше, әйел баласын жалдамалы пәтерде медициналық көмексіз босанған. Ол баласының өлі туғанын және сол себептен қоқысқа тастағанын айтады.
44 жастағы әйел жүктілік бойынша есепте тұрмаған, медициналық көмекке жүгінбеген. Кейін ауруханаға жеткізілген.
«Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру шарасы кезінде баланың анасы анықталды. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүріп жатыр», - дейді полицейлер.