Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Дені сау адамға ота жасау орынсыз»: депутат Қазақстанда жыныс ауыстыруға тыйым салуды ұсынды

«Дені сау адамға ота жасау орынсыз»: депутат Қазақстанда жыныс ауыстыруға тыйым салуды ұсынды
Сурет: фотоколлаж kyn.kz
Заңды қайта қарап, тиісті түзетулер енгізу қажет екенін талап етіп отыр.

Мәжіліс депутаты елімізде адамның жыныс ауыстыруына тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Депутат Магеррам Магеррамовтың айтуынша, бұл норма ұлттық құндылықтарға жат. Алайда қолданыстағы заңнамаға сай 21 жасқа толған, психикалық ауытқуы жоқ, бірақ гендерлік сәйкестілік бұзылысы бар адам жынысын ауыстыра алады. Сол себептен де заңды қайта қарап, тиісті түзетулер енгізу қажет екенін талап етіп отыр.

«Жыныстық сәйкестік бұзылысы – бұл белгілі бір психикалық не мінез-құлықтық ауытқу, демек оны хирургиялық я гормоналды жолмен түзету дұрыс емес. Егер, адамның физикалық аномалиясы болмаса, бірақ өзін басқа жыныста сезінсе, бұл мәселе психикалық ауытқумен байланысты. Сондықтан, дені сау адамға ота жасау орынсыз», - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты Магеррам Магеррамов.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар