Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Денесінде зорлы-зомбылықтың белгілері бар»: Lenovo компания бастығының өлімі бойынша күдікті ұсталды

«Денесінде зорлы-зомбылықтың белгілері бар»: Lenovo компания бастығының өлімі бойынша күдікті ұсталды
Сурет: Instagram/yermeak
Халықаралық іздестіру жарияланғаннан кейін ол табылып, ұсталды

Lenovo компаниясының директоры Ермек Жақыпжановты өлтірген күдікті шетелге тығылған, алайда ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Orda.kz. сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласының полиция департаменті күдіктіні Қазақстанға қайтаратынын мәлімдеді.

Айта кетейік, Lenovo компаниясының Қазақстандағы, Тәжікстандағы және Түрікменстандағы мемлекеттік институттармен жұмыс жөніндегі 42 жастағы директоры 2024 жылғы 10 қазанда Алматы облысы Іле ауданы, Өтеген Батыр кентінің шетінен табылған болатын. Мәйіттің денесінде зорлы-зомбылықтың белгілері бар. Жоғалған тұлғаны 1 күннен астам уақыт іздеген.

«Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұсталып, қамауға алынған екі күдікті анықталды. Күдіктілердің бірі сот төрелігінен қашуға тырысып, Қазақстан аумағынан кетіп қалды. Алайда, халықаралық іздестіру жарияланғаннан кейін ол табылып, ұсталды», – деді Алматы облысы полиция департаменті.

Қазіргі уақытта 2-күдіктінің экстрадациясы туралы мәселелер шешіліп жатыр. Қазақстанға келгеннен кейін іс материалдары сотқа беріледі.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар