«Біз жақын арада жүздесеміз»: бельгиялық әйел асырап алған Жәнібек жазба жариялады
- автор Томирис Тоныкөк
- 27 ақпан, 2025
- 184

Бельгиялық отбасы асырап алған Мұрат Савелиев мәлімдеме жасады. Ол жағдайының жақсы екенін айтып, туған ата-анасын тапқысы келетінін жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы желідегі парақшасында жазды. Жәнібек Қазақстанға тағы да келуді аңсайтынын айтты.
«Өздеріңізге белгілі, сіздер менің отбасым сияқтысыздар, сондықтан Қазақстанға оралуды қатты аңсайтыным рас. Менің жағдайым жақсы! Бірақ соңғы уақытта туған анамды табуға арнаған әр сәтті, әр сағатты ойлап, алаңдаулы күйде жүрмін. Бұйырғаны болар.
Мен үшін өмір деген – бұл тәжірибе және маңызды естеліктерді сақтау, ұмытпау. Бірақ дәл осындай естен кестпес күндерді бауырларыммен және әке-шешеммен бірге өткізсем, тіпті керемет болар еді.
Сіздер менің жүрегімдесіздер, мен үнемі сіздерді ойлап жүремін. Біз жақын арада жүздесеміз, кездескенше күн жақсы болсын!» - деп жазды бельгиялық Жәнібек.