Гүлбану Әниятқызы: "декретке миллионмен" шығуды үйреткен депутат Мұқаевтың өзі де жауапқа тартылсын
- автор kyn.kz
- 28 ақпан, 2025
- 1.3k

Соңғы 7-5 жылда әлеуметтік желі болсын, мессенджер топтарда болсын қалай зейнетақыны, декреттік төлемді көбейтудің жолдарын үйрететіндер ашық жұмыс істеп жүр. Олар көп жағдайда зейнетақы қорына түрлі тәсілмен ақша аударуды ұсынады. Ақыр соңында, қарапайым қазақстандық жылдар бойы мемлекет ақшасын заңды түрде алып отырады.
Бүгін Қазақстан бойынша 113 ана "декретке миллионмен" шыққаны үшін сот алдында жауапқа тартылатыны айтылды. Журналист Әниятқызы олай болса соны үйретушілер, оның ішінде танымал депутат та жауапқа тарсылсын деген ұсынысын айтты.
"Декретке миллионмен" шыққан 113 әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды. "Декретке миллионмен" деген курс сатқан Дәулет қазір депутат болып отыр. Меніңше ол да жауапқа тартылуы керек",-деп жазды журналист.
Желі қолданушылары оның сөзін қолдай түсті. Кей азаматтар ол заңды жолын көрсеткенін жазып жатты.