Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

7 жасар баланы зорлаған Amanat париясы филиалының экс-басшысы өмір бойына қамалды

7 жасар баланы зорлаған Amanat  париясы филиалының экс-басшысы өмір бойына қамалды
Сурет: ашық дереккөздерден
Бұған дейін сотта прокурор Ерлен Жантасов Жақыповқа өмір бойы қамау жазасын талап еткен

Жетісу облысында жеті жасар баланы зорлау ісі бойынша үкім шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Орда.кз басылымының мәліметінше, айыпталушы Серікхан Жақыпов өмір бойына сотталған. Сот оны тағылған айып бойынша кінәлі деп таныды.

Бұған дейін сотта прокурор Ерлен Жантасов Жақыповқа өмір бойы қамау жазасын талап еткен. 

Серікхан Жақыпов 2020 жылдың күзіне дейін Ақсу ауданы әкімі аппаратын басқарған. 2021 жылы мемлекеттік қызметшілер арасындағы этика мәселелері жөнінен уәкілетті ретінде қызмет атқарды. Ал 2024 жылдың 31 наурызында оны аудандық мәслихат депутаты ретінде сайлады.

Айта кетсек, Ақсу аудандық полиция бөлімі бұған дейін кәмелетке толмаған адамға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанын хабарлаған еді. Күдікті ұсталып,қамауға алынған.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар