Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астанада 50 жастан асқан ер адам өз үйінде танысының басынан атқан

Астанада 50 жастан асқан ер адам өз үйінде танысының басынан атқан
Сурет: 78.ru
Көршісінің айтуынша, күдікті мен марқұм әріптес болған

Өз үйінде танысынан атқан. Өлімге әкеп соққан жанжал Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде болды. Көршілерінің айтуынша, күдікті 50 жастан асқан отбасылы азамат екен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.

«Бала-шағасымен осы үйде тұратын. Жап-жақсы жігіт болған. Ішімдік ішпейтін, жаман әдеті болмаған. Намазын оқып, әрқашан амандасып тұратын. Ал сырттан келген жұмыстасы бірдеңе шегіп келген көрінеді. Нақтысын білмеймін, тергеушілерден естігенім осы», - дейді көршісі Оразхан.

Қайғылы оқиға кеше сағат кешкі сағат бес жарым шамасында болды. Көршісінің айтуынша, күдікті мен марқұм әріптес болған.  Екеуі жанжалдасып, ақыры соңында бірі мылтыққа жармасып  басынан дәлдеп атқан дейді. Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем шұғыл жеткенімен, ол адам бірден жан тапсырды. Қазір әріптестер арасындағы қанды оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.

«Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыс құралы тәркіленді. Алдын ала берілген мәлімет бойынша, қылмыс бұрыннан таныс арасында  жанжал туындауы барысында жасалған. Ұрыс салдарынан күдікті қайтыс болған адамның басынан атқан. Оқиғаның барлық мән жайларын анықтауға бағытталған тергеп- тексеру жүргізіліп жатыр», - дейді Астана ПД  баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шәуленова.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар