Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шетелге біржола көшкен қазақстандыққа зейнетақы берілмеуі мүмкін

Шетелге біржола көшкен қазақстандыққа зейнетақы берілмеуі мүмкін
Сурет: .baq.kz
Енді шетелге біржола көшкен қазақстандықтар зейнетақыдан қағылуы мүмкін.

Жаңа өзгеріске сәйкес, олар өзі тұрып жатқан мемлекеттен зейнетақы алмайтынын арнайы растау құжаты арқылы дәлелдеуге тиіс. Ал олай болмаған жағдайда төлем тоқтатылады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Мұндай талап Әлеуметтік кодекске енгізілетін өзгерісте қаралып, заң жобасы Құрылтай қабырғасына жетті. Бірақ алаңдауға толық негіз жоқ. Конституциялық сот биыл 18 мамырда азаматтың Қазақстанда тұрақты тұрмауы, зейнетақы тағайындаудан бас тартуға өздігінен негіз бола алмайтынынын, былайша айтқанда, шетелге көшкен адамның зейнетақы алу құқығы сақталуы тиіс екенін нақтылаған. Тек заңдағы талапқа сай болуы керек. Ал ұсынылып отырған бұл өзгерісте осы төлемді алу тәртібі қаралмақ. Әзірге заң жобасы мақұлданған жоқ.

«Заң жобасына сәйкес, шетелде мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы алу үшін азаматтың өзі тұратын елде осыған ұқсас зейнетақы алмайтынын жыл сайын растауы көзделеді. Мұндай растау ұсынылмаған жағдайда, зейнетақы төлемін тағайындаудан бас тартуға немесе оны төлеуді тоқтата тұруға негіз болуы мүмкін», - дейді ҚР Конституциялық соты.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар