Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Желіде ҚТЖ мен «Самұрық Қазына» басшыларының ұсталған сәтінің видеосы тарады (ВИДЕО)

Желіде ҚТЖ мен «Самұрық Қазына» басшыларының ұсталған сәтінің видеосы тарады (ВИДЕО)
Сурет: видеодан скриншот
Желіде «Самұрық Қазына» басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» басшысы Елжас Отыншиевтің ұсталған сәтінің видеосы тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Суреттердің бірінде Нұрлан Жақыповқа ұқсайтын ер адам көрінеді. Ол есік алдында үй киімімен тұр. Оның алдында қара түсті киім киген бірнеше адам тұр, олар құқық қорғау органдарының қызметкерлері болуы мүмкін.

Видеодан оларды құқық қорғау органдары жетектеп бара жатқанын байқауға болады.

Айта кетейік, бүгін Астанадағы элиталы үйлердің бірінің ауласында чемоданнан доллар шашылып жатқан сәттің видеосы тараған. Артынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиевтің ұсталғанын ресми мәлімдеді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар