Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстандық әнші жол апатынан қайтыс болды (ВИДЕО)

Қазақстандық әнші жол апатынан қайтыс болды (ВИДЕО)
Асқар Дүйсенов/коллаж kyn.kz
Әлеуметтік желілерде әншінің әріптестері мен достары марқұмның отбасы мен туғандарына көңіл айтып жатыр.

"Әлі де сенер емеспін!!!! Кеше ғана, Әлеке былай істесек қалай болады?- деп жүрген інім еді ғой….
Бүгін осындай хабар келді!!! Алла қасиетті жұма күні, рамазан айының алдында жаныңды алған екен… Раббым өзі алдыңнан жарылқасын! Керемет жігіт едің…. Қош, бауырым!", - деп жазды жақыны Серғалиев Әлібек.

Асқар Дүйсеновті ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 2 наурыз күні әншінің туған жері – Солтүстік Қазақстан облысының Кішкенекөл ауылында өтеді.

Ақмола облысы ПД-ның хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 28 ақпанда Астана-Петропавл трассасының 31-ші шақырымында болған. “Газель” мен Volkswagen Polo көліктері соқтығысып, соның салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі қаза тапқан.
 
Адам өліміне әкеліп соқтырған жол апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар