Перизат Қайрат ісі: Asarume қайырымдылық қоры жәбірленуші деп танылды
- автор Томирис Тоныкөк
- 3 наурыз, 2025
- 626

Asar-ume қайырымдылық қоры ақша жымқырды деп айыпталған Перизат Қайраттың ісі бойынша жәбірленуші деп танылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі
Бұл туралы Asarume қайырымдылық қоры instagram парақшасында мәлімдеді.
«ОО «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» басшысының қаржы жымқыру ісі қоғамда кеңінен белгілі болды. Біз сенгіміз келмейтін фактілер шындыққа айналып, бұл жағдай елдегі қайырымдылық саласына үлкен соққы болды. Бұл оқиға игі істермен айналысатын әр адамға әсерін тигізіп, қайырымдылыққа деген сенімге күмән ұялатты. Тергеу нәтижесінде "Асар Үме" ресми түрде жәбірленуші тарап деп танылды», - деді instagram парақшасында.
Айта кетсек, бұған дейін Перизат Қайраттың «Biz Birgemiz» қоры жабылатынын жазған едік. Волонтер Перизат Қайрат «Көмекке жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырған» деген күдікпен ұсталып, тергеліп жатыр.