Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Семейде соққыға жығылған оқушы: отбасына қазақстандықтар пәтер сатып алып берді (ВИДЕО)

Семейде соққыға жығылған оқушы: отбасына қазақстандықтар пәтер сатып алып берді (ВИДЕО)
Сурет: видеодан скриншот
Семейлік оқушыға қазақстандықтар көмектесу үшін 35 миллион теңге жинап берген

Семейде жасөспірімдер ұрып-соққан оқушыға қазақстандықтар жаңа пәтер алып берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы жергілікті блогер Аида Жүнісова әлеуметтік желіде жариялады.

“Кілтті алдық, енді оның өз шаңырағы бар. Барлық қол ұшын созған қазақстандықтарға алғыс білдіреміз”, – деп жазды ол.

Семейлік оқушыға қазақстандықтар көмектесу үшін 35 миллион теңге жинап бергенін және оған жаңа пәтер сатып алынғанын айтты.

Еске салсақ, бір топ жасөспірімнің 6-сынып оқушысын аяусыз ұрып-соғып, қорлағаны туралы видео әлеуметтік желілерде тараған болатын. Кадрларда олар баланы теуіп, басынан ұрып, үстіне секіріп, күліп, оны бетке ұруға шақырған дауыстар естіледі. Бұл әрекеттерге ұл балалармен қатар қыздар да қатысқан.

@aidazhunussova

Урааааа, Спасибо каждому , кто вложил свою частичку ,всеми силами, всем народом мы вместе купили Алинуру квартиру 👏🏽👏🏽👏🏽

♬ оригинальный звук - LEDS GO

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар