Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Үлкен бір қауіптің бірі»: депутаттар оқушылардың ChatGPT қолдануына тыйым салуды ұсынды

«Үлкен бір қауіптің бірі»: депутаттар оқушылардың ChatGPT қолдануына тыйым салуды ұсынды
Сурет: Julien Tromeur / Unsplash.com
Тез әрекет ете алмайтын, өмірдегі күрделі міндеттерді шеше алмайтын ұрпақ тәрбиелейміз

Мәжіліс депутаттары мектеп оқушыларының ChatGPT қолдануына шектеу қоюды ұсынды. Себебі Дәулет Мұқаевтың айтуынша, оқушылар үй тапсырмасын жасанды интеллект көмегі арқылы орындайды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Депутаттың айтуынша, жасанды интеллект оқушылардың ойлауын шектейді.

«Менің ойымша, мектеп жасындағы оқушыларға қандай да бір шектеулер қойылу керек секілді. Егер бұл шектеу қойылмаса ертеңгүні сол оқушыларымыз студент болады. Еңбек нарығына араласқан кезде соның зардабын біз 20 жылдан кейін көретін боламыз. Бұл да біздің ел үшін келе жатқан үлкен бір қауіптің бірі», - деді ол. 

Мұның алдында мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов ChatGPT-дің кері тұсін атап өткен болатын.

«Бүгінде ChatGPT танымал болып келеді, ол мектеп бағдарламасын, жаттығуларды шешуге, романдардың қысқаша мазмұнын жазып беруге қауқарлы. Бұл тәсіл сыни тұрғыдан ойлау қабілетін төмендетеді, алған білімге теріс әсер етеді, салдарынан маңызды шешімдерді өз бетінше қабылдау қиындайды. Бұл қарқынмен еліміз зияткерлік әлеуетін жоғалтады. Тез әрекет ете алмайтын, өмірдегі күрделі міндеттерді шеше алмайтын ұрпақ тәрбиелейміз», - деді депутат.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар