Мерзімі өткен жеке куәлік пен төлқұжатты енді онлайн ауыстыруға болады
- автор kyn.kz
- 4 наурыз, 2025
- 250

Қазақстандықтар мерзімі өткен жеке куәлік пен төлқұжатты енді онлайн режимде ауыстыра алады.
Бұл Ішкі істер министрлігі мен Цифрлық даму министрлігінің бірлескен бұйрығының арқасында мүмкін болмақ. Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды және 19 наурызға дейін талқыланып, содан кейін ол 31 наурызға дейін жүзеге асырылады.
"Жобаның мақсаты – "Қазақстан Республикасының азаматтарына төлқұжаттарды, жеке куәліктерді беру", атап айтқанда жарамдылық мерзімі аяқталуына байланысты жеке куәлік беру мемлекеттік қызметін көрсетуді қолданыстағы тәртіпке балама ретінде 2026 жылдың 1 наурызына дейін онлайн форматқа көшіру", - делінген бұйрықта.
Жобаның қабылдануы әлеуметтік-экономикалық, құқықтық немесе басқа да теріс салдарға әкеп соқпайды және ұлттық қауіпсіздікке теріс әсер етпейді, деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.
Ұқсас жаңалықтар
Денсаулық сақтау министрі Руслан Берденовтің жағдайы туралы айтты
- авторТомирис Тоныкөк
- 29 сәуір, 2025