
Алматыдағы ҚБТУ мемлекетке қайтарылды. Университет Динара Құлыбаеваға тиесілі болған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Университет Динара Құлыбаева басшылық ететін «Нұрсұлтан Назарбаев білім беру қорына» тиесілі.
Өткен жылы Алматыда Қазақстан-Британ техникалық университетінің ісіне қатысты сот басталған болатын. Сот шешіміне сәйкес, “Қазақстан-Британ техникалық университеті” АҚ-ның 100% акциясы қайтарылған активтерді басқару компаниясына берілуі тиіс.
2000 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен пайда болған Қазақстан-Британ техникалық университеті 2003 жылы «Қазмұнайгаздың» активтерінің бірі болған.
Айта кетсек, ҚБТУ ғимараты — Алматы қаласындағы Астана алаңында орналасқан ғимарат. 1957 жылы салынған қаладағы тарихи және көрнекті ғимараттардың бірі.
Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау облысында екі әкім есірткіге қатысы бар деген күдікпен ұсталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 қыркүйек, 2025
Алматыда жылу беру маусымы қашан берілетіні қашан басталатыны белгілі болды
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 қыркүйек, 2025